Еуропадағы Қазақстандық МӨЗ өндіріс көлемін арттырды

141

"Петромидия" мұнай өңдеу зауытының негізгі операциялық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді.  

Еуропадағы Қазақстандық МӨЗ өндіріс көлемін арттырды Фото: kmg.kz

2025 жылы Румыниядағы "Петромидия" мұнай өңдеу зауытында 5,88 млн тонна шикізат өңдеу жоспарланып отыр. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 27% жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 87% деңгейінде болады деген болжам бар. Көрсеткіштердің өсуі технологиялық режимдерді оңтайландыру, операциялық тиімділікті арттыру және өңделетін шикізат құрылымын жақсарту есебінен қамтамасыз етілді.

Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі былтырмен салыстырғанда едәуір артты:

  • авиациялық отын – 528 мың тонна (өсім 48%);
  • жанармай – 1,51 млн тонна (өсім 35,4%);
  • дизель отыны – 2,28 млн тонна (өсім 24%).

Кәсіпорын энергия тиімділігіне ерекше ден қояды, мұны энергетикалық қарқындылықтың (EII) 92,75-ке дейін төмендеуі растап отыр.

Өнеркәсіптегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында зауыт жарақат алудың "нөлдік" деңгейін және оқыс оқиғалар болмауының тұрақты көрсеткіштерін сақтап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу