Еуропалық әуежайлар қол жүгіндегі 100 мл ережесін жояды

677

Кейбір еуропалық әуежайлар қол жүгіндегі сұйықтықтарға шектеулерді жоя бастады.  

Еуропалық әуежайлар қол жүгіндегі 100 мл ережесін жояды Фото: Inbusiness.kz

Кез келген жолаушы үшін сусабынның шағын құтылары демалыстың ажырамас бөлігіне айналды. Жоғары технологиялы КТ сканерлері қол жүгіндегі 100 мл сұйықтық ережесін жойып, қауіпсіздікті тексеруді жеңілдетеді және кезек уақытын қысқартады, деп жазады inbusiness.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа сканерлер әзірге Тиссайд, Схипхол және Римдегі Леонардо да Винчи атындағы халықаралық әуежайларында қолданысқа енді.

2006 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша әуе компания жолаушылары қол жүгінде 100 мл-ден аспайтын сұйықтықтарды тасымалдауға құқылы. Бұл ереже британдық полиция бірқатар трансатлантикалық рейстерде алкогольсіз сусын ретінде жасырылған сұйық жарылғыш заттарды жару жоспарын ашқаннан кейін енгізілген болатын.

Қаскүнемдер ұшу кезінде көлемі 500 мл газдалған бөтелкелеріне сутегінің асқын тотығы мен басқа заттарды құйып, қақпақтарды жабық қалдыру арқылы құрылғыны жинап, жаруды көздеген. Басқа ингредиенттермен белгілі бір концентрацияға дейін араласқанда, тіпті қарапайым ағартқыш зат жарылғыш затқа айналуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, егер қастандық жүзеге асса, бұл 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен де қауіпті болар еді. Лаңкестер Ұлыбританиядан АҚШ-тың бес әуежайы мен Канаданың екі әуежайына бағыт алған бірнеше рейсте жарылыс ұйымдастырмақ болған.

Олардың жауық ниеті анықталғаннан кейін жолаушылар қол жүгіндегі кез келген сұйықтыққа толығымен тыйым салынды. Кейін тыйым жұмсартылды: сынақтар құты тексерілген жағдайда 100 мл сұйықтықты тасымалдау қауіпсіз екенін көрсетті.

"18 жылдан кейін жаңадан жетілдірілген қауіпсіздік сканерлерінің арқасында 100 мл сұйықтық ережесі бірнеше елде жойылады. Медицинада қолданылатынға ұқсайтын КТ технологиясын көмегімен машиналар жолаушылардың сөмкелеріндегі жүктің анық 3D-суретін алады. Оның егжей-тегжейлілігі соншалық, оны "сандық қораптан шығарумен" салыстыруға болады", - деп түсіндірді құрылғы өндірушісі Smiths Detection тобы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу