Еуропалық Комиссия Батыс Балқанға 680 миллион еуро инвестициялауды жоспарлап отыр

199

Бұл ЕО-ның Батыс Балқанға арналған инвестициялық жоспары бойынша алтыншы қаржылық пакеті. 

Еуропалық Комиссия Батыс Балқанға 680 миллион еуро инвестициялауды жоспарлап отыр Фото: EPA/ТАСС

Еуропалық комиссия (ЕК) Батыс Балқан елдеріндегі теміржол көлігі мен жаңартылатын энергияға 680 миллион еуро инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

"Барған сайын бөлшектенген әлемде бізге одан да күшті және біртұтас құндылықтар қауымдастығы керек. Кеңейту бойынша Еуропалық Одақ осы мақсатқа жетудің кілті болып табылады. Батыс Балқан елдерінің ЕО-мен бірлескен жұмысын жалғастыра отырып, біз Батыс Балқан елдерін экономикамызға жақындату үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет", - деп түсіндірді Урсула фон дер Лейен Брюссельде өткен "Еуропалық Одақ – Батыс Балқан" саммитінің алаңында.

Оның айтуынша, сәрсенбі күні 680 миллион еуроға бекітілген жобалардың арқасында тараптар көлік құралдарын жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жақсы өзара байланысы бар экологиялық таза болашаққа ортақ жолын жеделдетеді.

Еуропалық Комиссия басшысы мұны тұрақты өсу мен тығыз интеграция үшін, сондай-ақ, аймақтың гүлденуіне және оның ЕО-ға мүше болу жолына шынайы берілгендік негіздерін құру деп санайды.

Брюссельде өткізілген "Еуропалық Одақ – Батыс Балқан" жоғары деңгейдегі саммитінің қорытындысы бойынша, инвестицияларды өңірдегі теміржол көлігі саласына және жаңартылатын энергия көздеріне бағыттау жоспарланды.

Сонымен қатар, жобалар Батыс Балқан серіктестерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастықта дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу