Еуропалық компания "Қазмұнайгазбен" келісімге келмек

560

Еуропалық компания "Қазмұнайгазбен" келісімге келмек

Швейцария мен Нидерландының біріккен Vitol Group компаниясы Қашағанға қаржы салуға ниетті, деп хабарлайды аtameken TV.

Рейтерс агенттігінің дерегінше қаражаттың көлемі 650 млн доллар. Осылайша еуропалық компания мұнай және мұнай өнімдерін сату бойынша "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясымен келісімге келмек. Екі жақты шарт келесі аптада жасалуы мүмкін.

Басқа ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда қаржыландыру 750 млн долларға дейін жетуі ықтимал.

Бұған дейін Vitol Group Қашағанның үлесін жабу үшін 1 млрд доллар шығындап, орнына шикізат алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу