Еуропалық Одақ "Азаттық" радиосын қаржыландырады және одақтың бюджетінен 5,5 миллион еуро бөледі, деп жазады inbusiness.kz сайты euronews-ке сілтеме жасап.
"Еуропалық Одақ "Азаттық" радиосының Еуроодақпен көрші елдерде, сондай-ақ Солтүстік Кавказ мен Орталық Азияда жұмысын жалғастыруын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бұл қысқа мерзімді қаржыландыру және ЕО елдері ұзақ мерзімді қаржыландыру туралы келісімге келу керек", – деп мәлімдеді ЕО дипломатиялық қызметінің басшысы Каджа Каллас.
Наурызда Каджа Каллас Еуропалық Одақ Америка Құрама Штаттарының Жаһандық БАҚ агенттігі (USAGM) басқаратын "Азат Еуропа" радиосын қаржыландыруды қарастырып жатқанын айтты.
14 наурызда АҚШ Президенті Дональд Трамп жеті федералды агенттіктегі ауқымды қызметкерлерді қысқарту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл "Азаттық" радиосының қызметін қаржыландырған USAGM-ге де қатысты.