Еуропалық Одақ Венесуэла президенті Родригестің заңдылығын мойындамай отыр

449

Бұл туралы Брюссельдегі брифингте Еуропалық комиссияның өкілі Анита Хиппер мәлімдеді.  

Еуропалық Одақ Венесуэла президенті Родригестің заңдылығын мойындамай отыр Фото: abcmedia.am

Себебі, одаққа мүше елдер бұған дейін Николас Мадуроны да мойындамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еуропалық Одақ Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес билігінің заңдылығын мойындамайды.

"Дельси Родригес Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде ант берді, бірақ қазіргі билік өз мандатын демократиялық жолға сәйкес келмейтін сайлау негізінде алды", – деп атап өтті Анита Хиппер.

Еуропалық Одақ Венесуэланың жаңа билігін әлі заңды деп санамайтынын, бірақ практикалық мәселелерді шешу үшін байланыс арналарын сақтайтынын атап көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу