Еуропалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 4 жүлде иеленді

225

Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. 

Еуропалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 4 жүлде иеленді Фото: Оқу ағарту министрлігі

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды.

* Күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.

* Қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;

* Қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;

* Қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.

Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады:

* Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры;

* Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.

EJOI-2025 қорытындылары қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және отандық бағдарламалау мектебінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу