Орталық Азия бойынша неміс сарапшысы Гюнтер Кнабе Қазақстан президентінің үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады 24.kz.
Оның айтуынша, конституциялық реформа кемел келешекке жасалған тың қадам болмақ.
- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты үндеуі Қазақстанды жарқын болашаққа бастайды. Президент осылайша, елдің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашпақ. Осы ретте Қазақстан өзі таңдаған, өзіндік бағыт-бағдары бар дамудың даңғыл жолында келе жатқанын айтып өткім келеді. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені бұдан былай министрлер мен депутаттарға үлкен жауапкершілік артылады, – деді Гюнтер Кнабе.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        