Еуропаның әлемдік экономикадағы үлесі кемиді

1483

Еуропаның әлемдік экономикадағы үлесі кемиді

Енді бірер жылдан кейін, дәлірегі, 2032 жылы мұнай бағасы қазіргі деңгейден көтерілмесе, Ресей экономикасы әлемдік рейтингте 11-ші орыннан 17-ші орынға бір-ақ сырғиды. Яғни, Ресей экономикасы Түркия, Испания, Оңтүстік Корея экономикасынан кенжелеп, артта қалмақ. Бұл жайында Экономикалық және іскерлік зерттеулер орталығының (Centre for Economics & Business Research, CEBR) британиялық сарапшылары World Economic League Table баяндамасында айтты, деп хабарлайды islam.kz.

"2017 жылы Ресей экономикасынан екі есе шағын Оңтүстік Корея экономикасы 2032 жылға қарай екі есе өседі",- деп айтылған аталмыш баяндамада.

2032 жылы әлем бойынша Қытай экономикасы көш бастап, керісінше АҚШ бірінші орыннан төмен құлдырайды, ал Үндістан үшінші орынға жайғасады, төртінші орыннан Жапония көрінбек. Еуропаға келсек, кәрі құрлықтың жаһандық экономикадағы үлесі 2000 жылмен салыстырғанда 14 пайызға кемитін болады. Әлемдік рейтингте бесінші орынға Германия, алтыншы орынға Бразилия, жетінші орынға Ұлыбритания, сегізінші орынға Франция табан тірейді. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Оңтүстік Корея кірмек: 2017-ші жылғы 12-ші орыннан сезігінші орынға дейін көтеріледі және Индонезия: 16-ші орыннан 10-шы орынға көтеріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу