Бельгия Палестинаны мемлекет ретінде мойындады

179

Осылайша, Палестинаны мемлекет ретінде мойындаған елдер тобына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бельгия Палестинаны мемлекет ретінде мойындады Фото: armenpress.am

Бұл туралы Премьер-министр Барт Де Вевер БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында мәлімдеді. 

"Бельгия әрқашан екі мемлекеттің шешімін қорғап келді және бүгін Нью-Йорк декларациясына қол қойған елдердің қатарына қосылды. Тек осындай шешім Израиль мен Палестина халқына бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруге мүмкіндік береді", – деді премьер-министр.

Барт Де Вевер Израиль саясаткерлерінің, соның ішінде Премьер-министрдің "Палестина мемлекеті болмайды" деген мәлімдемелері палестиналықтарды қолдаудың қосымша себебі болып табылатынын айтты.

"Сондықтан Бельгия бүгінде БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Палестина мемлекетін мойындағанын жариялаған елдер тобына қосылу арқылы әлемге мықты саяси сигнал беріп отыр", – деді Де Вевер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу