Бұл бастама ЕО Кеңесі, Еуропарламент және Еурокомиссия арасында қызу талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
9 шілдеде өткен дауыс беруде цифрлық еуро 416 депутаттың қолдауына ие болды, 169 депутат қарсы шықты.
Жоба параметрлері 2024 жылдың соңына дейін келісіліп, 2027 жылы Еуропалық орталық банк шектеулі сынақ жүргізеді.
Брюссельде бұл бастама ЕО-ның стратегиялық автономиясын күшейтіп, америкалық төлем жүйелеріне тәуелділікті азайтуға бағытталғаны айтылды. Цифрлық еуро қолма-қол ақшамен қатар қолданылып, оны толық алмастырмайды. Алайда бірқатар депутаттар мен деректерді қорғау саласының сарапшылары жаңа валютаның қаржылық бақылау құралына айналуы мүмкін екенін ескертті.