EXPO көрмесіне өтініш қабылдау аяқталды

606

EXPO көрмесіне өтініш қабылдау аяқталды

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне өтініш қабылдау аяқталды. Бүгінге дейін көрмеге 115 мемлекет пен 20 халықаралық ұйым қатысатынын ресми түрде растады. Бұл туралы "ЭКСПО" көрмесінің халықаралық қатысушылармен жұмыс департаменті директоры Илья Оразақов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, көпшілігі қазірден павильонға заттарын қойып жатыр. Айта кетейік, халықаралық көрменің басталуына 73 күн қалды.

"Қытай күннен қуат алуға қатысты қызықты жобаларын ұсынбақ. Оған қоса Жапония адамнан жылу алу жұмысын таныстырады. Израиль жерден қуат алу жобасын қатысушыларға көрсетеді. Осы секілді қызықты жобалар көп", – дейді Илья Оразақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу