Facebook акциялары 24 пайызға құнсызданған

758

Facebook қауіпсіздік пен жеке мәліметтерді сақтауға қыруар қаражат бөлді.

Facebook акциялары 24 пайызға құнсызданған

Facebook компаниясының акциялары 24 пайызға құнсызданды, деп хабарлайды 24.kz.

Акционерлер 150 млрд доллар қаржы жоғалтқан. Бұл туралы әлеуметтік желінің тоқсандық есебінен кейін белгілі болды.

Сарапшылар мұндай өзгерісті күтпеген. Соңғы деректерге сәйкес, аталған желіге 2,23 миллиард қолданушы тіркелген. Бұл көрсеткіш мамандар болжағаннан 20 миллионға аз.

Тоқсандық пайда 13,2 миллиард долларға жетті. Алайда бұл да сарапшылар күткен сомадан 100 миллионға кем. Мұндай нашар көрсеткішке компанияның бірнеше рет дау-дамайға ілігуі себеп. Жеке деректердің қолды болуы да халықтың желіге деген сенімін жоғалтты. Осыдан кейін компания қауіпсіздік пен жеке мәліметтерді сақтауға қыруар қаражат бөлді. Әзірге мекеменің пайдасынан гөрі шығыны көбірек болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу