Facebook компаниясы өз атауын Meta деп өзгертті

1334

Бірақ әлеуметтік желінің атауы сол қалпында қалды. 

Facebook компаниясы өз атауын Meta деп өзгертті

Facebook-тің бас директоры Марк Цукерберг әлеуметтік желілер платформасының жаңа атауын жариялады. Енді компания Meta деп аталатын болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бүгіннен бастап біз Meta деп аталатын боламыз. "Meta" сөзі грек тілінен шыққан, "тыс", "басқа жақта" дегенді білдіреді. Бұл сөз біз айналысып жатқан нәрселерге ұқсас", – деді Марк Цукерберг компания ребрендингінің тұсаукесері кезінде. 

Оның айтуынша, жаңа брендтің басты мақсаты – метаәлемді құру.

"Метаәлем – интернеттің дамуындағы жаңа кезең. Оның басты мақсаты – адамдарды біріктіру, қарым-қатынас жасауға көмектесу", – деді Цукерберг.

Компанияның логотипі көк лента түрінде ұсынылған.

Марк Цукерберг Meta корпорациядағы барлық өнімдердің жиынтығы екенін атап өтті. Бірақ Facebook әлеуметтік желісі, WhatsApp мессенджері және Instagram қосымшасы өз атауларын өзгертпейді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу