Facebook криптовалюта жарнамасына тыйым салады

940

Facebook криптовалюта жарнамасына тыйым салады

Facebook желісінде криптовалюта және бинарлық опциялардың жарнамасын жариялауға тыйым салады. Бұл туралы әлеуметтік желінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

"Біз пайдаланушыларды жаңылыстыратын қаржылық өнімдер мен сервистердің, бинарлық опциондар мен криптовалюта секілді алдамшы технологиялардың жарнамасына тыйым салатын жаңа қызмет саясатын енгізіп жатырмыз", – делінген хабарламада.

Сервис, сондай-ақ пайдаланушыларды жаңа ережелерді бұзатын жарияланымдар туралы хабар беріп отыруға шақырады.

Бұған дейін Facebook пайдаланушыларға туыстары мен достарынан көбірек жаңалық алып отыруға, компаниялардың, брендтердің және БАҚ-тардың постары сияқты жарнамалық контентті азайтуға қатысты өзгерістер енгізгенін жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу