Фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды

952

Фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды

Бүгін үкіметте Астанада өтетін шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы қарсаңында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Polpharma S.A. компаниясының қадағалау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесуі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Е.Старак Polpharma S.A. компаниясының Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары туралы айтты. Тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен оған қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

"Химфарм" АҚ SANTO Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) тауарлық маркасымен -  Polpharma S.A. құрамына кіреді және Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. "Химфарм" ел ішіндегі дәрі-дәрмектердің 1/3-ден жоғары көлемін шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу