Джеймс Коми президент Трампқа қарсы әлеуметтік желіде пост жариялаймын деп істі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол былтыр ұлу қабыршақтарынан жасалған "86" және "47" деген сандардың суретін парақшасына салған. Ақ үй басшысы мұны сес көрсету деп бағалады. Өйткені америкалықтарда "86" саны біреуге зиян келтіру дегенді білдіреді.
Ал "47" – Трамптың 47-Президент екенін меңзейді.
АҚШ-тың Әділет министрінің міндетін атқарушы Тодд Бланштың айтуына қарағанда, федеральдық тергеу бюросының бұрынғы басшысына бір емес екі айып тағылған. Біріншісі – президентке қоқан-лоқы көрсету, екіншісі – оны интернетте жариялау.
Бұл – Джеймс Комиге қатысты шыққан алғашқы дау емес. Былтыр ол Конгресске жалған ақпарат берді деп те айыпталған еді. Десе де ол кезде кінәсі дәлелденген жоқ.
Президент Трамп өзіне қарсы жүріп жатқан тергеуді Джеймс Коми ұйымдастырды деп санайды. Сондықтан Федеральдық тергеу бюросының бұрынғы басшысын жиі сынайды.