Федералды қор жүйесі: инфляцияны қалайда 2%-ға дейін төмендетеміз

463

Базалық пайыздық мөлшерлемесін тағы да 0,75 базалық пунктке көтерген АҚШ-тың реттеуші органының жетекшісі осындай мәлімдеме жасады.   

Федералды қор жүйесі: инфляцияны қалайда 2%-ға дейін төмендетеміз Фото: inbusiness.kz

Федералды қор жүйесі алдағы уақытта осы көрсеткішті одан әрі жоғарылата түсуі мүмкін. Себебі, бағаны ауыздықтау мүмкін болмай жатыр.

"Рецессия болады немесе болмайды деп ешкім дөп басып айта алмайды" - дейді Джером Пауэлл.

Осы жолы АҚШ-тың базалық пайыздық мөлшерлемесі 3,75 немесе 4 пайыз аралығында белгіленіп, 2008 жылғы ең жоғары көрсеткіштен де асып түсті. Ол кезде әлемдік қаржы дағдарысы болған. Сонымен америкалық реттеуші орган 1980 жылдағыдай қатаң әрекетке көшті.  Украинадағы соғыс күллі әлем экономикасына қысым көрсетіп, барлық дүниенің бағасы шарықтап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу