Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

900

Маңызды қаржылық мәселелер айтылған жиыннан кейін доллар мен еуро бірден 0,3 пайызға қымтаттады.

Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі соңғы 10 жылда бірінші рет пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Осылайша мөлшерлеме 2-2,25 пайыз көлемінде тұрақтады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір қызығы бұл көрсеткіш нарық ойыншылары мен сарапшылардың бұған дейінгі болжамдарымен дәлме-дәл келді. Ашық нарық бойынша федералды комитеттегі 10 өкілдің 8-і мөлшерлемені азайтуға дауыс берген. Тек Федералды резерв банкінің төрағасы Бостон Эрик Розенгрен мен Эстер Джордж ғана мөлшерлеме бастапқы деңгейінде сақталғанын қалаған.

Ақпаратқа сенсек Құрама Штаттардың мұндай шешімге баруы жаһандық экономикалық дамуға және әлсіз инфляцияға байланысты қабылданып отыр.

Маңызды қаржылық мәселелер айтылған жиыннан кейін доллар мен еуро бірден 0,3 пайызға қымтаттады. Ал АҚШ-тың биржалары болса әртүрлі динамикаға көшті. Айтар болсақ, Доу Джонс пен Эс энд Пи 0,1 пайыз индекске құлдыраса Насдак индексі керісінше 0,1 пайызға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу