Федералдық қор базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ

820

 Көрсеткіш - 2,25-2,5%.

Федералдық қор базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ

АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды.Дегенмен реттеуші ұйымның мүшелері жыл соңында немесе келесі жылдың басында мөлшерлемені 25 базалық пунктіге дейін төмендету мүмкіндігі жоғары дейді. Экономиканың әлеуеті бұлыңғыр болғандықтан, Орталық банк соңғы 10 жылда алғаш рет осындай қадамға баруы ықтимал. Өйткені тұтыну шығындары өсіп барады, бизнес инвестиция индикаторлары әлсіз. Инфляцияның жалпы көрсеткіші 2 пайыздан төмен. Федералдық қор жүйесі отырысынан кейін, доллар құнсыздана бастады.

Қазір оның еуроға шаққандағы бағамы -1,12. АҚШ-тың негізгі қор индекстері де тұрақсыз. Dow Jones пен S&P 0,1%-ға өсім көрсетсе,  Nasdaq Composite 0,1%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу