Фельдшер ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін

Онымен қоса мүлік иелерінің бірлестігі төрайымы Сәуле Жұбаниязоваға 3 жыл МИБ басқаруға тыйым салынуы ықтимал.   

Фельдшер ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Фото: egemen.kz

Айыптаушы Ұлдана Мырзуанның өліміне салқындатқыштың сыртқы бөлігінің құлауы себеп болмағанын айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокурордың айтуынша, фельдшер ғимарат қаптамасынан түскен бөлшектердің соққысынан қаза тапқан.

Марқұмның анасы Салима Омарова болса, моральдық өтемақыны талап етпейді. 

– Ақша Ұлданамды қайтармайды. Ешқандай өтемақы оның күлкісін, дауысын, құшағын қайтара алмайды. Қызымның өмірін ақшаға бағаламаймын. Тек шындық пен әділдік сұраймын. Егер Жұбаниязованың кінәсі дәлелденсе, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймын. Себебі, ол екі баласын жалғыз өзі өсіріп отыр, – деді ол.

Жаза кетейік, 2025 жылдың 18 қарашасында фельдшер Ұлдана Мырзуан бақилық болды. Сол күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ерлігін жоғары бағалап, марқұмды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. 

Кейі Астанадағы медициналық колледждердің біріндегі оқу аудиториясына Ұлдана Мырзуанның есімі берілсе, Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде арнайы мемориалдық тақта да ашылды.

Сосын фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу