Фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі: сотта кезекті куәгер жауап берді

292

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр.  

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі: сотта кезекті куәгер жауап берді Фото: 24.kz

Сот отырысында кезекті куәгер Константин Костенко жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот куәгерге жалған ақпарат бергені үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Астана тұрғыны Константин Костенконың айтуынша, ғимарат құлаған кезде өзі 9-қабаттағы пәтерінде болған. Дауыс естіп, сыртқа көтерілген шаңды көрген соң, бірден көшеге шыққан.

Куәгердің сөзінше, ол кезде оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп үлгерген. Бірнеше минуттан кейін құтқарушылар да жеткен. Сотта куәгер ғимараттың қасбетінің жағдайына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, қабырғаның кейбір бөліктерінде кірпіш арасындағы құрылыс қоспасының жоқтығы көзге түскен.

Сонымен қатар куәгер қаза болған фельдшердің үстіне кондиционердің сыртқы блогы құлағанын айтты. Алайда соттың нақтылау сұрақтарынан кейін ол бұл сәтті өз көзімен көрмегенін, яғни оқиғаға тікелей куә болмағанын мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу