Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс сотқа жолданды

568

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады.  

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс сотқа жолданды Фото: Әлеуметтік желіден

Былтыр күзде елордадағы тұрғын үйде кірпіш қаптамасының құлауы салдарынан мерт болған Ұлдана Мырзуанға қатысты істі сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform.kz агенттігіне сілтеме жасап.

– Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, – делінген Полиция департаментінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар Астана сотының баспасөз қызметі сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбегенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 8 қараша күні Астанада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 

18 қараша күні жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Бұл ретте екі қылмыстық іс қозғалды.  Біріншісі – сапасыз құрылыс, ал екіншісі – қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

2025 жылы желтоқсанда Ұлдананың құрметіне Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта ілінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу