Фермерлер 369 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды

573

1 089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түсті.

Фермерлер 369 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды

Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асырған бір ай ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға 43,6 млрд теңге сомасына 1 089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түсті. Оның ішінде 16,6 млрд теңге сомасына 369 бірлік техника қаржыландырылды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жеңілдікпен кредит беру шарттары:

Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-бен ;

Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%;

Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл;

Бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасы – 205 млн теңгеден және үш ауыл шаруашылығы техникасынан аспайды. Қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір-ақ рет беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несие бағдарламасы 20 жылға есептелген және револьверлік сипатқа ие. Оны іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінген, бұл сомаға Қазақстанда жасалған 1000-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу