Фермерлер үкіметке бидай сатып алуды ұсынды

1008

Фермерлер үкіметке бидай сатып алуды ұсынды

"Бидайын өткізе алмай отырған шаруалардан Үкімет 2-3 млн тонна астық сатып алсын". Қазақстан фермерлер одағының президенті осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.

Мәжілісте өткен жиында астық өнімдерін өткізу мәселесі қаралған болатын. Одақ басшысының мәліметіне сай, биыл 22 млн тоннадай астық жиналған. Алайда диқандар бидайын сата алмай қиналып отырған көрінеді. Қазақстан фермерлер одағы президентінің сөзінше, көпшілігі арзан бағамен сатуға мәжбүр.

"Үкіметке, Сағынтаев мырзаға хат жазғанбыз. Халықтан кемі 2 млн астық сатып алу керек. Оның бағасына дейін айттық. Бүгінгі бағамен айтсақ, 45 мың теңге. Ең көбі 100 млрд теңге кетеді. Халық зарлап отыр. Астықтарын сата алмағаннан кейін, елге жалақысын бере алмай отыр. Екінші, алған қарыздарынан құтыла алмай отыр. Егер де үкімет көмек бермейтін болса, ендігі жылы егістік көлемі 30-40 пайызға азаяды", - дейді Қазақстан фермерлер одағының президенті Әуезхан Дарынов.

Қар ұстау жұмыстары мен тұқым тазалау мәселесі де қолға алынбаған көрінеді. Одақ басшысының айтуынша шаруалардың бидайды сата алмай отырғанының тағы бір себебі вагон тапшылығы болып отыр. Ал ҚТЖ жүк тасымалының басшысы вагон жеткілікті екенін айтады. Керісінше, өздеріне жағдай жасауды сұрады. Депутаттар трейдерлерді "бидай тасымалы" үшін субсидиялау мәселесі үкіметте қаралып жатқанын айтты . 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу