ФИФА футболдан әлем чемпионатының форматын өзгертті

506

ФИФА кеңесі Руанданың Кигали қаласында өткен ФИФА 73-конгресі қарсаңында бас қосты. Мұнда халықаралық матчтардың күнтізбелеріне қатысты бірнеше шешім қабылданды. Жаңашылдықтар әлем чемпионаттарына да қатысты.  

ФИФА футболдан әлем чемпионатының форматын өзгертті Фото: fifa.com

Ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде 48 құрама әрқайсысы төрт командадан тұратын 12 топқа бөлінбек.

"ФИФА кеңесі 2026 жылғы Әлем кубогының жарыс форматына ұсынылған әрқайсысы үш командадан тұратын 16 топтың орнына төрт командадан тұратын 12 топқа дейін түзетуді бірауыздан мақұлдады, бұл ретте үздік екі команда және үшінші орын алған үздік сегіз команда 1/8 финалға шығады. Қайта қаралған формат сөз байласу қаупін азайтады. Сондай-ақ барлық команда кем дегенде үш матч ойнай алады. Сонымен бірге бәсекелес командалар арасында теңгерімді демалыс уақытын қамтамасыз етеді", – делінген ФИФА баспасөз хабарламасында.

Осылайша турнир 64 матчтың орнына 104 матчтан тұрады. Әлем чемпионаты 56 күнге созылды. Жаңа күнтізбеге сәйкес, әлем кубогының финалы 2026 жылдың 19 шілдесінде өтеді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты алғаш рет үш елде (АҚШ, Мексика, Канада) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу