Нөсер соңы су тасқынына ұласты. Соңғы деректер бойынша, кем дегенде 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасай отырып.
"Құтқару қызметтері іздеу жұмыстарын жалғастыруда, қаза тапқандар саны ұлғаюы мүмкін", – делінген хабарламада.
Көшкінді тудырған су тасқыны Минданао аралының бірқатар аудандарында тіркелді. Бір күн бұрын елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауа бастады. Осы аптаның басында Филиппиннің солтүстігінде 6,4 баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері Филиппиннің солтүстігіндегі Лузон аралында, атап айтқанда, елдің астанасы Манилада қатты сезілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу