Бұл туралы Ұлттық полиция өкілдері мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олардың сөзінше, қанды оқиға Замбаонга қаласының универстетіне тиесілі орта білім мекемесінде болған.
Полицияның алдын ала мәліметіне қарағанда, 9-сыныптың баласы сыныпқа тапаншамен және автоматпен кіріп, оқ жаудырып, 10 жасар оқушыны өлтірген. Екі жеткіншек жараланды. Қазір оқиғаның себебі тексеріліп жатыр.
Бұл 2 айға жуық уақыт ішінде елде қайталанып тұрған екінші жағдай. Маусым айында ғана тапаншамен қаруланған 2 оқушы Филиппин орталығындағы орта мектепте оқ жаудырып, 3 оқушы қаза тапқан. Тағы 20 оқушы жарақат алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу