Филиппинде су тасқыны құрбандарының саны 13 адамға жетті

556

Филиппиннде толассыз жауған нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 19 адам із-түзсіз жоғалды.

Филиппинде су тасқыны құрбандарының саны 13 адамға жетті Фото: AP Photo

Сейсенбіде жарияланған Апаттың алдын алу мен дүлей зілзалаларды жою жөніндегі ұлттық кеңестің есебінде атап өтілгендей, су тасқыны республиканың алты өңірінде 166,3 мыңнан астам адамға кері әсерін тигізген, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Табиғи апаттан зиян шеккендерді құтқару операцияларына жағалаудағы күзет қызметкерлері қатысуда. Ең сорақысы, су көшкін Рождество мерекесіне тұспа-тұс келді. Мерекеге орай қоғамдық орындарды не бір-бірінде қонақта жүрген филиппиндіктерді құтқару да әдеттегіден қиынға түсті.

Ведомствоның мәліметінше, қоныс аударған 45,3 мың адам 87 эвакуациялық орталықтарға орналастырылды. Кем дегенде 136 адам үйлерін тастап кеткен. Соңғы деректерге сәйкес, алты адам түрлі жарақат алды. Республиканың алты аймағында апатқа байланысты 347 оқиға тіркелді, олардың арасында су тасқыны мен көшкін саны көп.

67 қала мен муниципалитетте оқу орындарындағы сабақтар мен кәсіпорындардағы жұмыс тоқтатылды. Бір қалада апат режимі енгізілді. Үкімет көмек көрсетуге 5,2 млн песо ($95,2 мың) бөлді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу