Филиппинде жолаушылар паромы аударылып, 15 адам қаза тапты

206

Із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. 

Филиппинде жолаушылар паромы аударылып, 15 адам қаза тапты Фото: Анадолы

Филиппинде паром аударылып кетіп, салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Кеменің ішінде 350-ден астам адам болған. Олардың қатарында 332 жолаушы мен 27 экипаж мүшесі бар. Паром дүйсенбіге қараған түні Филиппиннің оңтүстігіндегі арал маңында суға батқан. 

Паром Сулу провинциясындағы оңтүстікте орналасқан Холо аралына Замбоанга қаласынан жол тартқан. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін, соның салдарынан кеме суға батқан.

Алайда жағалау күзетінің командирі Ромель Дуа агенттікке оқиғаның нақты себебі әзірге анықталмағанын, бұл бойынша тергеу жүргізілетінін айтты. Оның айтуынша, жағалау күзеті паромды Замбоанга портынан шықпас бұрын тексерген. Ол кеме артық жүктелуі мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатпағанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу