Финляндия алдағы апталарда НАТО-ға кіруге өтініш жібереді

731

Швеция мен Финляндия НАТО-ға 2022 жылдың жазында кіруге дайын.

Финляндия алдағы апталарда НАТО-ға кіруге өтініш жібереді

Финляндия алдағы апталарда НАТО-ға кіруге өтініш жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz Helsingin sanomat басылымына сілтеме жасап.

Ел парламентінің сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары Эркки Туомиой Стокгольмға жасаған сапары кезінде осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, бұл қадамды халықтың да, парламенттің басым бөлігі қолдап отыр.  

Швеция мен Финляндия НАТО-ға 2022 жылдың жазында кіруге дайын екені туралы 11 сәуірде британиялық The Times газеті хабарлады.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Стокгольм мен Хельсинкидің мұндай қадамға баруына Ресейдің стратегиялық қателіктері себеп болған.

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу