Финляндия НАТО-ға қосылатын болды

539

Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға қосылуын мақұлдады. 

Финляндия НАТО-ға қосылатын болды Фото: РБК

Енді өтініш, елдің Ұлттық жиынының қарауына жіберіледі. Ал Финляндия президенті Саули Ниинистё, бейсенбі күні Солтүстік атлантикалық альянсқа қосылу жөніндегі заң жобасына қол қойған. Осылайша өткен жылдың бесінші шілдесінен бастап созылған процесс, аяқталуға таяды.

Алайда Финляндиямен бірге өтініш берген Швецияның, НАТО-ға қосылу мәселесі созылып жатыр. Оның қосылуын одақтағы барлық мүше мемлекеттер мақұлдағанымен, Швед депутатының, құранды өртегенінен кейін Түркия өз дауысын беруден бас тартып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу