Финляндия президенті мен премьер-министрі елдің НАТО-ға кіруін қолдады

617

Сәуір айының соңында Швеция мен Финляндияның аляьнсқа кіру үшін бір уақытта өтініш беруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Финляндия президенті мен премьер-министрі елдің НАТО-ға кіруін қолдады

Финляндия мүмкіндігінше тезірек НАТО-ға кіру үшін өтініш беруі керек. Ел президенті Саули Ниинисте мен премьер-министрі Санна Марин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Helsingin Sanomat газетіне сілтеме жасап. Екеуі де елдің НАТО-ға кіруін қолдады.

Сәуір айының соңында жергілікті басылымдар Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіру үшін бір уақытта өтініш беруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Финляндия президенті Саули Ниинисте Стокгольмға сапарлай келген кезінде бұл шешім ресми түрде жариялануы мүмкін (17-18 мамыр). Ниинисте осы уақытқа дейін Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруге қатысты ұстанымы айқындалатынын мәлім етті. 

Бұл елдердің альянсқа кіру туралы шешіміне қатысты РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, олар НАТО-ға мүше болып қабылданса, бұл қадам Ресейдің ресми түрде тіркелген қарсыластарының көбейгенін білдіреді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу