Финляндия ресейліктер үшін шекараны жапты

596

Хельсинки мобилизациядан қашқандар Еуропа қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін деп санайды.

Финляндия ресейліктер үшін шекараны жапты

Финляндия жұма күні Ресеймен шекаралас Еуропалық Одақ елдерінің арасында соңғы болып ресейлік туристер үшін шекараны жапты, деп хабарлайды ел Үкіметі.

Ал Польша, Литва, Латвия мен Эстония 19 қыркүйектен бастап ресейліктердің келуіне шектеулер енгізді.

"Финляндия үкіметі ресейлік туристердің Финляндияға кіруін айтарлықтай шектеу туралы қаулы шығарды. Кіруге шектеулер 2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 00:00-де күшіне енеді және одан әрі қолданылады", – делінген фин министрлер кабинетінің хабарламасында.

Шектеулер шенген шекара кодексіне негізделген, оған сәйкес үшінші елдердің азаматтарының кіруі мемлекеттік саясатқа, ішкі қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына немесе кез келген мүше мемлекеттердің халықаралық қатынастарына қауіп ретінде қарастырылмауын талап етеді.

Хельсинки мұндай шешімді Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы және "Еуропадағы қауіпсіздік жағдайын өзгерткен" ішінара мобилизация салдарымен түсіндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу