Финляндияда ер адам мысығының өліміне байланысты ауыр күйзеліске түсіп, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған. Мысыққа эвтаназия жасауға тура келгеннен кейін ол жұмысқа шыға алмаған. Жұмыс беруші мұны дәлелді себеп деп санамағаннан кейін, іс сотқа дейін жеткен. Бұл туралы жергілікті Iltalehti басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсімделгеніне қарамастан, қызметкерден жұмыс орнына қайта оралуын талап еткен. Ер адам қызметінен айырылып қалудан қорыққандықтан, бұл талаппен келіседі. Бірақ кейін жұмыс беруші қызметкердің алдына өз еркімен жұмыстан кету немесе мәжбүрлі түрде жұмыстан босату деген таңдау қояды.
Тараптардың қақтығысы ер адамның жұмыстан шығарылуымен аяқталады. Кейін іс Тампере қаласындағы сотқа да жетеді. Сот қызметкердің жағына шығып, жұмыстан босатуды заңсыз деп таныды. Сот шешімі бойынша компания бұрынғы қызметкерге 40 мың еуродан астам қаражат төлеуге міндеттелді. Бұл сомаға өтемақы мен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдер де кіреді. Бірақ ер адам сот шешімі шыққанға дейін көз жұмды. Енді бұл қаражат оның мұрагерлеріне төленбек.