Финляндияда оппозиция көшбасшысының басы дауға қалды

286

Социал-демократиялық партияның басшысы Антти Линдтманның 20 жыл бұрынғы суреті халықтың назарына ілінді.

Финляндияда оппозиция көшбасшысының басы дауға қалды Фото: ТСН

Фотосуретте екі жас жігіттің сауық-сайран кезінде ұлтшылдар сияқты сәлемдескендері бейнеленген, деп жазады Inbusiness.kz.

"Анти Линдтман және оның төрт досы 20 жылдан астам уақыт бұрын орта мектепте оқып жүргенде суретке түсті. Суретте қазір 41 жастағы Линдеман мырза балаклава бас киімінде жалған мылтықпен ұлтшылдардың сәлемдесуіне ұқсас әрекет жасаған сияқты, алайда саясаткер ешқандай ұлтшылдар символикасы жоқ деп сендірді", — делінген The Telegraph хабарламасында.

Бұған дейін елдің қаржы министрі Вильгельм Джуннила осы сынды сурет үшін қызметінен кетуге мәжбүр болды. Ал Линдтманның фотосуреті алғаш жазда біраз шу тудырған еді, жақында партия басшысы болып тағайындалғаннан кейін ел арасында қайта талқылана бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу