Финляндиядағы халықаралық сында қазақ боксшылары "алтынсыз" қалды

670

Бұл жыл басталғалы бері ұлттық құрама спортшылары қатысып отырған үшінші ірі жарыс. Жақында Болгарияда өткен турнирде де Қазақстан боксшылары алтынсыз қалған болатын. 

Финляндиядағы халықаралық сында қазақ боксшылары "алтынсыз" қалды

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан Gee Bee халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық боксшылар жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өкінішке қарай, біздің команда мүшелері бұл жолы да алтынсыз қалды. 

52 келідегі Азат Махметов пен 91 келідегі Айбек Оралбай финалда сынға түсіп, қарсыластарына есе жіберді. Махметов финалда төрешілер шешімімен қырғызстандық Азат Үсенәлиевтен ұтылса, Оралбай ағылшын боксшысы Клэрк Цевонға есе жіберді. 

Сондай-ақ, бес боксшымыз қола медаль тағынды. Олар: Ержан Жомарт (49 келі), Жанболат Қыдырбаев (56 келі), Талғат Шайкен (69 келі), Нұрбек Оралбай (75 келі), Тимур Ержанов (81 келі). 

Былтыр өткізілген Gee Bee турнирінде Қазақстан боксшылары бес алтын жеңіп алғанын айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, бұл жыл басталғалы бері ұлттық құрама спортшылары қатысып отырған үшінші ірі жарыс. Жақында Болгарияда өткен турнирде де Қазақстан боксшылары алтынсыз қалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу