Fitch "Бәйтерек" рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады

662

Fitch "Бәйтерек" рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады

Fitch "Бәйтерек" холдингінің рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарламасына сәйкес эмитет дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) "ВВВ" деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг "AAA(kaz)" және қысқа мерзімді РДЭ "F2" шетелдік валютасында. Cондай-ақ, Fitch “Бәйтерек” холдингінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигациялар шығарылымдарының рейтингтерін “ВВВ”/ “AAA(kaz)” деңгейінде растады.

“Бәйтерек”холдингі рейтингтері Қазақстанның егемен рейтингтерімен бір деңгейде тұр. Fitch пікірінше, “Бәйтерек” холдингі Қазақстанның экономикалық даму бойынша саясатын экономиканың шикізаттық емес секторларын, әртараптандыру және қолдау, инновациялық даму мен экспортқа бағытталған өңдеу салаларын қолдау арқылы жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу