FITCH: Қашаған келер жылы Қазақстан экономикасын 2 %-ға өсіреді

1277

FITCH: Қашаған келер жылы Қазақстан экономикасын 2 %-ға өсіреді

Әлемдік  ең ірі "Fitch" рейтинг агенттігі Қазақстанның дамуына "тұрақты" деген баға берді.  Әлем елдерінің ұзақ мерзімді рейтингісін түзген корпорация еліміздің экономикасы мұнайдың арзандауына бейімделді деген қорытынды шығарған. Агенттік сарапшылары Қашағанның іске қосылуына байланысты келер жылы Қазақстан экономикасы 2 пайыздық өсім көрсетеді деп топшылап отыр, деп хабарлайды khabar.kz.

Айта кетейік, шетелдің қалталы азаматтары белгілі бір елге инвестиция құяр алды көбіне-көп осы америкалық корпорацияның болжамдарымен танысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу