Fitch ТҚЖБ рейтингін "ВВВ-" деңгейінде растады

617

Болжам "Тұрақты"

Fitch ТҚЖБ рейтингін "ВВВ-" деңгейінде растады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2019 жылдың 4 сәуірінде "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ эмитенті дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін "BBB-" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты", деп хабарлайды ТҚЖБ.

"Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып отыр. Қазіргі рейтинг пен оның расталуы банктің тұрақты әрі сенімділігін, басқару қызметі мен бизнес-стратегиясының тиімділігін, ал несие қабілеттілігінің жақсы деңгейде екенін, несие қатерлерінің төмендігін көрсетеді",– деп атап өтті "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу