"Fly Arystan" әуекомпаниясы жаңа ұшақ сатып алды

581

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша 24 желтоқсан күні "Fly Arystan" әуекомпаниясы "A320neo" әуе кемесін алды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Fly Arystan" әуекомпаниясы жаңа ұшақ сатып алды Фото: Polet.me

Ұшақтың сыйымдылығы 188 орын. Бұл әуекомпания флотындағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.

Биылғы тамыз айынан бастап қазақстандық әуекомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 орынға дейін  жаңа 12 ұшақ саты алған.

"Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді. Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында", делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу