Fly Arystan желтоқсанда Қостанайға ұшатын рейстерді қайта іске қосады

988

Билеттердің ең төменгі бағасы 5999 теңге болмақ. 

Fly Arystan желтоқсанда Қостанайға ұшатын рейстерді қайта іске қосады

Қазақстандық лоукостер Нұр-Сұлтан – Қостанай – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстерге билет сатуды қайта іске қосты. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі мәлімдеді.

18 жылтоқсаннан бастап күнделікті рейстер Қостанайға ұша бастайды. Бұл бағытта бортына 180 адам отыра алатын Airbus A320 ұшағы қатынайды",– деді әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Билеттердің ең төменгі бағасы 5999 теңге.

Fly Arystan Қостанай - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстерді 3 қазанда іске қосқан. Алайда Қостанай халықаралық әуежайын модернизациялау бойынша ұзақмерзімді жөндеу жұмыстарына байланысты билеттер сатылымы тоқтатылды.

Қазіргі кезде әуекомпаниясы 3 ұшақты пайдалануда. Оның ішінде Airbus-320-232 ұшағы 180 адамды тасымалдай алады. Бұған дейін 2019 жылы компанияның паркі төртінші ұшақпен толығады деп хабарланған болатын.

FlyArystan бюджеттік компаниясы Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысының  құрамына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу