FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 15 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Компания шектеудің мерзімін тағы екі аптадан астам уақытқа созып отыр.
"FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің орындалуын уақытша тоқтату мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұзартылғанын хабарлайды, – деп мәлімдеді әуе компаниясы.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді.
Әуе компаниясы рейстердің қайта орындалу мерзімін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты өзгертуі мүмкін.