Flyarystan Шымкент пен Павлодар арасындағы рейстерді кейінге шегерді

560

Бұған дейін қазақстандық лоукостер 1 тамыздан бастап осы бағыт бойынша рейстерді орындауды бастайтынын жариялаған болатын.

Flyarystan  Шымкент пен Павлодар арасындағы рейстерді кейінге шегерді

Flyarystan әуе компаниясы Шымкент - Павлодар - Шымкент бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады, деп жазады Pavlodarnews.kz.

"COVID-19 салдарынан елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға және саяхатты жоспарлаудағы белгісіздікке, сұраныстың төмен болуына байланысты Шымкент-Павлодар-Шымкент бағыты бойынша 2020 жылғы 1 тамыздан бастап 26 тамызға дейін қоса алғанда рейстерді орындауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Рейстер 2020 жылғы 29 тамыздан бастап орындалатын болады. Әрбір жолаушыға жеке СМС, сондай-ақ поштаға электронды хат түрінде толық ақпарат жіберілді. СМС жетпеген жолаушыларға қызметкерлер дербес қоңырау шалады", – деп түсіндірді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Жоғарыда көрсетілген күндерге билет сатып алғандарға 2020 жылдың 24 қазанына дейін рейстерге тегін броньдауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу