FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын 5 келіден 7 келіге дейін арттырады

100

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.  

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын 5 келіден 7 келіге дейін арттырады Фото: t.me/flyarystan_inform

FlyArystan әуе компаниясы 1 наурыздан бастап тегін қол жүгінің салмақ шегін 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания мәліметінше, қол жүгінің рұқсат етілген өлшемдері бұрынғыдай қалады. Яғни, сөмкенің габариті 56x23x36 см-ден аспауы керек.

Шешім нарықты және жолаушылар сұранысының құрылымын талдау нәтижесінде қабылданған.

"Жаңа ережелер 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап орындалатын рейстерге рәсімделген барлық әуе билеттеріне, сатып алынған уақытына қарамастан, қолданылады", – деп хабарлады компания.

Сонымен қатар, тасымалдаушы бір жолаушыға салмағы мен өлшем талаптарына сай келетін бір ғана қол жүгін алып жүруге рұқсат беру қағидатын сақтайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу