14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағы оқыс жағдайға тап болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы – Атырау бағытында рейс орындаған әуе кемесі қонғаннан кейін тұраққа жылжу кезінде шағын жылдамдықпен жүру жолынан шығып кеткен.
Бортта барлығы 166 жолаушы болған. Олардың бәрі ұшақтан аман-есен түсірілді. Зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу