FlyArystan ұшағы әуеде құстармен соқтығысты

188

2026 жылғы 24 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі ұшақ құстармен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

FlyArystan ұшағы әуеде құстармен соқтығысты Фото: Руслан Пряников/ kapital.kz

Ұшақ Орал әуежайына қонған соң, Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберіліп, ұшақ пен оның компоненттерін толық тексерді.

Компанияның мәліметінше, барлық тексеру аяқталғаннан кейін ұшақ эксплуатацияға рұқсат алып, 25 қаңтарда сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшып шықты.

Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ берілді, сондай-ақ 33 жолаушы сұраныс бойынша қонақүйге орналастырылды.

– Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық. Барлық шара авиациялық қауіпсіздік пен техникалық эксплуатация талаптарына сәйкес қатаң орындалды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу