FlyArystan әуекомпаниясының бірнеше рейсі кешікті

Оған Алматы әуежайындағы жоғары жүктеме әсер еткен.  

FlyArystan әуекомпаниясының бірнеше рейсі кешікті Фото: inbusiness.kz

Ұшу алдында жолаушылардың бірі әдепке сай емес, деструктивті әрекет жасап, сапардан бас тартқаны да белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 2025 жылғы 1 маусымда Алматы әуежайында жолаушы ағынының жоғары болуына байланысты әуекомпанияның бірнеше рейсі кешіккенін хабарлаймыз.

Бұл Алматы – Шымкент бағытындағы 7107 рейсін орындауға дайындық барысында әуе кемесіне қосымша жанармай құю қажеттігіне алып келді. 

Авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, барлық жолаушы ұшақтан түсіріліп, әуе кемесіне толық тексеру жүргізілді, – деп ақпарат таратты компанияның баспасөз қызметі.

Десе де, ұшуға арналған күту аймағында жолаушыларға су және тамақтануға арналған ваучерлер таратылған. Рейс жергілікті уақыт бойынша 18:47-де ұшқан.

FlyArystan әуекомпаниясы өз кезегінде қауіпсіздік мәселесіне басты басымдық беретінін еске салды. Барлық белгіленген рәсімдер мен талаптардың қатаң сақталуы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі кепілі саналатынын ескертеді. 

Бұған дейін Boeing-777 ұшағының жолаушысы қайтыс болып, шұғыл Ақтөбеге қонғанын хабарлаған едік. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу