Forbes рейтингінде GGG табысы жағынан Альварестен 57 орынға төмен тұр

601

 Forbes рейтингінде GGG табысы жағынан Альварестен 57 орынға төмен тұр

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең көп табыс табатын 100 спортшының жаңа рейтингін құрастырды. Онда атлеттердің жарты жылда тапқан табысы көрсетілген., деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 72-орында тұр.

Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда GGG 25 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қаражаттың 23 миллионы – соңғы өткізген екі жекпе-жектен түскен табыс, ал қалғаны жарнамадан түскен қаржы.

Бұл тізімге тағы үш боксшы енді. Спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер 285 миллион доллар табыс тауып, рейтингте көш бастады. Сауль Альварес 15-орында (44,5 миллион), ал ұлыбританиялық Энтони Джошуа (39 миллион) 25-орынға жайғасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу