Ford алғашқы электрлі көлігін жасап шығарды

1492

Құны шамамен 44-60 мың доллар.

Ford алғашқы электрлі көлігін жасап шығарды

Америкалық көлік өндіруші Ford компаниясы Mustang Mach-E деп аталатын электрлі көлігін таныстырды. 

Енді электр қуатымен жүретін бұл көлік 2020 жылдың соңына қарай сатылымға шығарыла бастады. Құны шамамен 44-60 мың доллар көлемінде. 

Темір тұлпар батареясының қуаттылығы 75,7 кВт-сағат. Яғни оны бір рет қуаттап, 370 шақырым қашықтықты еңсеруге болады. Ал қуаттылығы  98,8 кВт-сағаттық өзге моделінікі 482 шақырым жолға жетеді.

Mustang Mach-E сатып аламын деушілерге көліктің артқы жетектісін немесе толық жетекті нұсқалары ұсынылған.

 Сонымен қатар алдағы уақытта Ford Mustang-тың Mach-E GT деп аталатын үлгісін жасап шығармақ. Ол 5 секунд ішінде жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін жеткізуге қабілетті. Автокөліктің қуаттылығы – 465 "ат күші". 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу